2025 жылдың 03 маусым күні «№46 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де жазғы мектеп жанындағы лагерьде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Гүлден » жазғы демалыс лагерінің жоспары бойынша «Тастағы суреттер»(асфальтқа сурет салу) жаттығуы өткізілді.

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін ояту. Жазғы маусыммен таныстыру. Түрлі суреттерді бейнелеуді, түстерді таңдауды үйрету. Балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру. Балаларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Балалар «Жаз» тақырыбына қатысты жерге түрлі-түсті борлармен әдемі де әсем қылып сурет салды.
Балалар сурет салып болған соң ортаға жиналып, қандай сурет салғандарын айтып берді. Балалардың жауаптары: гүл, үкемпірқосақ,күн, бұлт, балалардың шар ұстағаны, үй т.б. суреттер салды.
Мектеп психологы: Г.Ү. Мұхтанғалиева

«Тастағы суреттер»