Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жас өрендердің орындауындағы “Егемен елім” әні тек ән емес, ұрпақ үнінің ұлы ерлікке тағзымы болды.
Музыка пәнінің мұғалімі Куралай Тлекбайқызының жетекшілігімен оқушылардың жан-тәнімен орындаған әні жүректерді тербеп, бір сәтке өткенге жетелеп, болашаққа сенім ұялатты. Әуенмен өрілген патриоттық рух, жас өрендерді отансүйгіштікке баулыды. Ұлы Жеңістің мәнін қайта жаңғыртқан сәт болды. “Егемен елім” — еркін елдің елжіреген әні!