Көңілді старт – ширақ қимыл, жоғары көңіл-күй! 🏅
04.06.2025 ж. күні «Гүлден» жазғы лагерінде спорт жетекшісі Орынтаев Заманбектің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Көңілді старт» атты спорттық жарыс өтті. Бұл күн балалар үшін шынайы қуаныш пен сергектікке толы болды! 🌞⚽
Топтарға бөлінген қатысушылар түрлі эстафеталарға қатысып, өз ептіліктері мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Қызу жарыстар, қолдау көрсеткен достар мен шат күлкі – барлығы ұмытылмас әсер қалдырды. 🎽👏
Мұндай шаралар балалардың физикалық дамуына ғана емес, достық пен ауызбіршілікті нығайтуға да үлкен септігін тигізеді.
Барша қатысушыларды белсенділіктері үшін құттықтаймыз!