«Гүлден» жазғы лагері аясында балалармен бірге қалалық музейге қызықты әрі танымды саяхат жасадық. Экскурсия барысында оқушылар тарих қойнауына еніп, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміз туралы мол мағлұмат алды. 🏺📸
Көне жәдігерлер мен тарихи экспонаттар балалардың үлкен қызығушылығын тудырып, олар көптеген сұрақтар қойып, белсенді қатысты. Мұндай шаралар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырады. 💫
Көңілді әрі пайдалы өткен күн үшін музей ұжымына алғыс білдіреміз!











