Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Джангалиева Марьяна Қазбекқызы мектеп оқушыларына «Есірткісіз болашақ»тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Шара барысында маман қазіргі қоғамда белең алып отырған құқықбұзушылықтың салдарына тоқталып,жасөспірімдер арасында есірткіге қатысты оны тасымалдау жұмысында оларды тарту фактілері кездесіп отырғанына алаңдаушылығын айтты .Телефон арқылы бейтаныс адам жұмыс ұсынып қомақты қаржы табуға шақыруға алданып қалмауға шақырды.Тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып тыңдаушыларды ң арасынан белсенділік көрсеткен бірнеше оқушыға сыйлықтарын ұсынды .Оқушыларды қоғамның белсенді азаматтары болуда құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырды.