10 маусым – “Гүлден” жазғы лагерінде “Толағай” спорттық жарысы өтті! 🌟
Балалардың шыдамдылығы мен шапшаңдығын сынайтын, күш пен ептілікті қажет ететін «Толағай» жарысын Спорт жетекшісі Орынтаев Заманбек жоғары деңгейде ұйымдастырды. 💪
🏃♂️ Қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, өзара бақ сынасты.
Бұл жарыс балалардың тек физикалық дайындығын ғана емес, сонымен қатар ұйымшылдық пен ынтымақты да көрсетті!
🎯 Мақсаты – жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу және спортқа деген қызығушылықты арттыру.
Күн көңілді, балалар белсенді, ал естеліктер жарқын болып есте қалды!
👏 Ұйымдастырушы Заманбек Орынтаевқа алғысымызды білдіреміз!
«Толағай» сияқты әсерлі жарыстар «Гүлден» лагерінің шырайын аша түсті!